"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЕРЕЙМЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "ЖҰЛДЫЗАЙ" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ - САД "ЖҰЛДЫЗАЙ" ГОРОДА ЕРЕЙМЕНТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балабақшада балалармен ойнаймыз» әдістемелік апталығы Бекенова Н.К Ұйымдасқан қызмет "Сәуле қуыршақты шомылу" (1–ші кіші топ).

04.12.2024

 Ұйымдасқан қызмет"Сәуле  қуыршақты шомылу" (1–ші кіші топ).

Мақсаты: балаларға заттардың, іс-әрекеттердің, қасиеттердің атауларын есте сақтауға және қолдануға көмектесу -леген, сабын, сабын салғыш, сүлгі,  , шаю, сүрту,  су; кішкентайларға қуыршақпен ойнаудың қаншалықты қызықты екенін көрсету; балаларды жеке гигиена заттарымен таныстыру, олардың не үшін қажет және оларды қалай пайдалануға болады екенін түсіндіру.

   Міндеті:

1. мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу;

 2. заттардың, іс-әрекеттердің аттарын атауға, жеке гигиена заттарымен таныстыруға, белсенді сөздік қалыптастыруға үйрету;

3. зейінді, байқауды, есте сақтауды, сөйлеуді, қарапайым сұрақтарға жауап беру қабілетін дамыту.

    Керекті  жабдықтар:

леген, сабын, сабын салғыш, сүлгі, , су, бесік, қуыршақ, ожау , піл.

    Әдістері мен тәсілдер:

  1. Ауызша-тәрбиешінің сұрақтары, көркем сөз.
  2. Ойын- пілдің ішінде жасырынған гигиенгалық заттар.

3.Бесік жыры-қуыршақты төсекке жатқызу. 

 

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:

        Есікті біреу қағады.

 - балалар,  бізге кім келді? (есікті ашады,қараса қуыршақ ).

 - Бұл Сәуле қуыршақ қой. Қуыршағымыз қандай лас! Ол балалар маған бірдеңе айтты. - Балалар Сәуле көшеде серуендеп жүріп үсті басын кірлетіп алыпты. Сәуле таза болуы үшін не істеу керек?

 Балалардың жауабы-бетін жуу керек, жуындыру керек.

 Дұрыс, Ал жуыну үшін бізге қандай заттар керек?

Балалардың жауабы су, сабын, орамал.

Жалайсыңдар балалад сендермен бір ойным бар ойнайықшы! Мына пілдің ішінді бізге Сәулені таза қылу үшін керекті заттар бар екен. Соны бір бірлеп алып, ол не және не үшін керек екенін айтады.

Балалар пілдің  ішіндегі затты алып айтады. Тамаша балалар енді біз қуыршақты шомылдырайық. Алдымен қуыршақты шешіндіреміз

- Қазір  балалар, біз Сәуле қуыршақты жуындырамыз.    Су туралы өлеңімізді есімізге түсірейікші.

Сылдырлайды мөлдір су

Мөлдір суға қолыңды жу

Жуынсан сен әрдайым

Аппақ бетін, маңдайын

Тазалықтың досы

Су дегенім осы.

      Тәрбиеші қуыршақты жуады, содан кейін бір бала ожаумен су құйып шайындырады, ал екінші бала сүлгімен сүртеді.

Бала қуыршақты алады, мұғалім оны сүртеді.

- Балалар, қараңдаршы, Сәуле таза болды, әдемі болды. Ваннадағы су лас және сабынды болды.

Ал енді балалар шемберге тұрайық бір сергіп алайық;

                                                               Таңертен тұрамын

                                                               Бетімді жуамын,

                                                               Тісімді тазалаймын,

                                                               Шатімді тараймын,

                                                               Тап таза боламын.

 

- Балалар, біз Сәуле туралы мүлдем ұмытып кеттік. Қараңызшы, Сәуле  ұйықтағысы келеді. Оған ән айтып ұйықтайық:

Әлди алди әлди- ау

Әлди алди әлди- ау

Әлди алди әлди- ау

Әлди алди әлди- ау

Әлди Әлди балашым

Әлдилейді анашың

Бесігіңе жата ғой тәтті ұйқыға бата ғой

Әлди алди әлди- ау

Әлди алди әлди- ау

Әлди алди әлди- ау

Әлди алди әлди- ау

 - Міне, Сәуле ұйықтап қалды. Бүгін не істегенімізді еске түсіріп өзімізді мақтап қойайық .

Қорытынды: Балалар бүгін бізге кім келді қонаққа. (Сәуле қуыршақ) Cәуленің үсті қандай болды (Кір, лас болды) Біз қалай көмектестік Сәулнге? Дұрыс  Сәуле қуыршағын шомылдырдық. Тағы не істедік? ( ұйықтады). Ал керемет сөмкеде не болды? (балалар гигиеналық заттарды атайды). Жарайсыңдар, балалар!

Просмотров: 651


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст