Ұйымдастырлған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Денсаулық.
Білім бөлімдері: Қауіпсіздік негіздері.
Тақырыбы:Тазалық әлеміне саяхат.
Мақсаты: денсаулық туралы ғылым ретінде валеология туралы түсінікті қалыптастыру. Жеке гигиена туралы ақпарат беру; балаларды «салауатты өмір салты» ұғымымен таныстыру; балаларға жеке гигиена ережелерін, гигиеналық процедураларды үйрету. Дені сау болуға деген ұмтылысты тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:"Мойдодыр"мультфильмі,Д\о "Суреттерді құрастыр",Д\о "Не бұрын",Д\о "Ия-жоқ",Саусақ жаттығулары,Слайд "Болжамдар",Денсаулық жолдары.
Сөздік жұмыс: Гигиена шаралар.
ІС-әрекет бөлімдері |
ТәрбиешІнІң - әрекетІ |
Балалардың іс-әрекеті |
Ынталандыру,сезімді ояту
|
Шаттық шеңбер. Достарымның барлығын, Сыйлап, жақсы көремін. Алақаным арқылы Жылуымды беремін. -Балалар мен сендерді тазалық әлеміне шақырамын, |
Сәлемдеседі. Шеңберге тұрып тәрбиешімен бірге қайталайды. Денсаулық жолдарымен жүреді. |
Ізденушілік-ұйымдастырушылық |
-Балалар бүгін біздің топқа ,осындай хат келді "Мойдодыр"атадан: -Білгілерін келе ма? - Мен, Мойдодыр, сендерді "тазалық достары" қоғамына кіріп, менің көмекшілерім болуды ұсынамын. Менің достарым-сабынмен, тіс щеткасымен пастамен, тарақпен және басқа да жеке күтім заттарымен достасасындар балалар. -Мүмкін топта лас,кірқожақ? Жуынбайтын балалар баршығар? -Мүмкін біреуді жуындыру керекшығар, - немесе тарақпен тарау керек шығар? Менің ойымша, мұндай балалар жоқ, сендер жеке гигиена ережелерін білесіндер. Сондықтан зиянды микробтардан қорықпайсындар. -Мен сендерге қызықты тапсырмалар ұсынамын, жұмбақтар қалдырдым, оларды орындау керексіндер. Әр тапсырма үшін суреттің бір бөлігі беріледі, егер сендер барлық тапсырмаларды орындап алсандар, Мен қандай суретті қалдырғанымды көресіз, сонымен қатар "Мойдодырдың көмекшілері"боласыз. -Балалар ,Мойдодыр ағанын тапсырмаларды орындаймыз ба? -1 Тапсырма "Суреттерді құрастыр" Суреттін бір бөлігі ашылады. Бұл суреттер менің сүйікті және маңызды жеке күтім заттарымды көрсетеді. Егер сіз оларды жинай алсаңыз,онда бұл заттардың не екенін білесіз"). / Тапсырманы орындағаннан кейін балалар суреттің бірінші бөлігін алады/ 2 Тапсырма "Жұмбақтар" Суреттін екінші бөлігі ашылады. "Мен сендерге жұмбақтарды жіберемін. Дымқылдап күнде сен Қолыңды сүйкесең Кетіп кір ,ласың Тап-таза боласың. Бұл не? (сабын) Шомылған баланы Аймалап алады Сүртеді қолын да Сүртеді жонын да Бұл не? (сүлгі) Аузы жоқ,көзі жоқ Тілі жоқ, сөзі жоқ Бірақ та тісі жоқ Басыңмен ісі бар Бұл не? (тарақ) -Балалар, жұмбақтың шешуі қандай заттар? -Тазалық сақтайтын заттар 3 Тапсырма"Мультфильм" -Балалар Мойдодыр ағанын сендерге дайындаған мультфильмі бар,тамашалайық. -Балалар мултфильмде не көрдіңдер ,не болды. -Бала қандай? -Неге одан бәрі қашты? 4 тапсырма " Суреттер-болжамдар" Суреттін үшінші бөлігі ашылады.
Сергіту сәті ,музыкалы.
-Балалар енді ,деніміз сау болу үшін массаж жасайық. 1.Тамақтың ауырмауы үшін, Біз оны сипаймыз. (мойынды жоғарыдан төменге қарай сипау) 2.Жөтелмеу, түшкірмеу үшін, Мұрынды сүрту керек (мұрынның қанаттарын сұқ саусақтармен ысқылаңыз) 3.Біз де маңдайымызды сүртіп уқалаймыз- ортасынан шетіне дейін ысқылаңыз). Мұрын қанаттарын - бір, екі, үш Және де мұрныңыздың астын да-бір, екі, үш Қастарды тарақтау керек-бір, екі, үш, төрт, бес Енді маңдайыңыздан терді сүртіңіз-бір, екі Егер бар болса, құлағыңызға сырғалар іліп қойыңыз бір, екі, үш .
5 тапсырма "Суреттерді ретте" Суреттін төртінші бөлігі ашылады.
-Балалар мультфильмніің жалғасын тамашалайық. -Енді не болды? -Бала енді қандай?- -Заттар қайтадан қайтып келді ма?
6 тапсырма Дидактикалық ойын, "Ия-жоқ" Суреттін бесінші бөлігі ашылады. 1.Таңертен тұрамын жаттығу жасаймын -ия 2.Жуынбай,таңғы асты ішемін -жоқ 3.Ал таңғы асқа кәмпиттер ,жеймін. -жоқ 4.дәмді ботқа мен сүт ішемін. -ия. 5.Көп көкөністермен,жемістер жейміз. -ия 6.Жаттығу ,жасап көбірек серуендейміз -ия 7 Ауырмау үшін,көбірек балмұздақ жеу керек-жоқ 8.Ұйытар алдында,тістермізді тазалап жатамыз. -ия. - Өте тамаша балалар ,Сендер білесіндер ме жуынуды тағы нелержақсы көреді? -Балалар,адамдар . -Жауабын ,мультфильмнен көресіндер. -Кім айтады ,жуынуды ,тағы нелер жақсы көреі? -Жұрыс ,жануарлар,құстар жуынғанды жақсыы көреді. |
Балалар қызығып тындайды. Тапсырмаларды орындауға келіседі
Жоқ.
Сұрақтарға жауап береді.
Суреттерді құрастырады.
Жұмбақтарды шешеді
(сабын)
(сүлгі)
(тарақ)
Мультфильмді тамашалайды.
Кір қожалақ бала.
Заттардың бәрі қашыпкетті.
Суреттерге қарап,жауап береді.
Сергіту сәтің орындайды.
Массаж жасайды.
Қолды қалай жуу керектігін есіне түсіріп,суреттерді ретімен жинайды.
Мультфильмнің жалғасын қарайды. Бала таза болды,жуынды,киімдері қайтып келді.
Сұрақтарға жауап беріп "Ия-жоқ"деп айтады.
Өз ойларын айтады.
|
Қорытындылау - Өзін – өзі бағалау |
-Біз міне "Мойдодыр" ағанын түгел тапсырмаларды орындадық. Оның сиқырлы сабындары бар ,қызыл және көк. -Егер сендер бәрін біліп гигиена шараларын ылғи да ұмытпай орындап жүрсендер "Қызыл"сабыннан алындар. -Егер сендер гигиена шараларын білесіндер ,бірақ орындамайсындар "Көк"сабыннан алындар.
|
Балалар ,өз өздерін бағалап ,сабынның түсін тандайды. |
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Денсаулық туралы , оның ерекшеліктерін біледі.
Түсіну керек: «Салауатты өмір салты» ұғымымен танысты.
Жасай білу керек: Жеке гигиена ережелерін, гигиеналық процедураларды менгереді.
Тәрбиеші:Байкенова Г.Б.