"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЕРЕЙМЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "ЖҰЛДЫЗАЙ" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ - САД "ЖҰЛДЫЗАЙ" ГОРОДА ЕРЕЙМЕНТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сабақ конспектісі Сөйлеуді дамыту

10.12.2021

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Әженің үйіне қонаққа барамыз»

Мақсаты: Отбасы мен туысқандар жайлы білімдерін арттыру.Жақындарына қамқор бола білуге,оларды жақсы көріп,құрметтеуге тәрбиелеу.Дайындалған ойындар арқылы отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс атап,естеріне сақтай білуге дағдыландыру.Мнемотехника әдісін қолдана отырып,тақпақты жаттап алуға құлшынысын арттыру.Сөздік қорларын молайтып,есте сақтау,жылдам қабылдау қабілеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс: «өйткені, сайын.»

Билингвальды  компонент: «Отбасы-семья,аға-брат,әке-папа,ана-мама,әже-бабущка,ата-дедушка,әпке-сестра»

Қолданылатын  құралдар:Слайд,мнемотехника, кім жоқ ойыны,тілдік жаттығу,шаттық шеңбері,сергіту сәті,санамақ,Әже өлеңі.

Әрекет түрі

                     Тәрбиешінің іс- әрекеті

Баланың          әрекеті

Ынталандыру сезімін ояту

 

 

 

 

 

 

 

 

Ізденушілік-ұйымдастырушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытындылау

Өзін-өзі бағалау.

Қонаққа әже келеді:

-Балалар қараңдаршы бізге қонаққа кім келді?

Қане,ендеше әжемен амандасайықшы!

Шаттық шеңберін орындайық:

Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз
Айналадағы, бар адамға
Тек, мейірім сыйлаймыз

-Балалар әже сендерді өзінің үйіне қонаққа шақырып

жатыр,барамыз ба?

 

Слайт көрсетіледі:

-Бұл әженің Отбасы. Ол өте үлкен.

-Балалар әженің отбасында кімдер тұратынын атайықшы?

Дұрыс айтасыңдар.

-Балалар әжеге Отбасы жайлы санамақ айтып берейікші:

Отбасында біз нешеуміз?

Бас бармағым-   (атам)

Балан үйрегім- (әжем)

Ортан терегім- (әкем)

Шылдыр шүмегім-(анам)

Кішкентай бөбегім-(мен)

Д/о «Кім жоқ»

-Балалар қараңдаршы,әженің Отбасы мүшелерінде кімдер болып еді,есімізге түсірейікші,ал мына суреттер кімдер жоқ?

Балалар әже сендерге өзі жайлы жазылған «Әже» өлеңін алып келіпті,сендерге  жаттап алыңдар деп айтты.Бұл өлеңді ақын,жазушы Серікбай Оспанов ағамыз жазған екен.

Өлеңді жаттап аламыз ба?

Мнемотехника арқылым «Әже» өлеңін  жаттау.

Таусылмайтын өлеңі,

Күнде айтып береді.

Барған сайын бір жаққа,

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені,

Өте жақсы көреді.

Ойын: «Жылдам-баяу» айтамыз

«Қатты-ақырын»

«Ұлдар –қыздар»

«Мен бастаймын,сендер жалғастырыңдар»

Тілдік жаттығу:

Же-же-же,келе жатыр әже

Ға-ға-ға-отыр әне аға

Ке-ке-ке кешке келді әке

На-на-на-алып кетті ана!

Сергіту сәті:

Ал балалар тұрайық,

Алақанды ұрайық

Бір отырып,бір тұрып,

Жоғары-төмен қарайық

Бойымызға күш жинап,

Бір секіріп алайық

Секіріп,секіріп алғансоң,

Орнымызды табайық!

 

-Балалар енді өлеңді кім  өзі мнемотехниканың көмегімен айтып көреді?

Әже: Тамаша балалар сендер  өте жақсы,ақылды,білімді балалалар екенсіңдер.мен сендерді үйіме қонаққа шақырғаныма қуанып тұрмын.Мен жайлы өлеңді де жылдам жаттап алдыңдар; сендерге үлкен алғысымды білдіре отырып,сыйапатым дәруменге толы шырын әкелдім.

Енді мен қайтайын,сау болыңдар!

 

-Балалар егер сендербүгінгі әженің Отбасына қонаққа барғанымыз ұнаса,сендер Отбасы мүшелерін дұрыс атап, ойын барысында қызығушылықпен ойынға белсенді қатыстық, әже жайлы өлеңді жаттау кезінде жақсы нәтиже көрсете алдық десеңдер өте жақсы деген көңіл-күйді білдіретін смайликті алыңдар.

Немесе тапсырманы орындау кезінде аздаған қиындықтарға тап болып,тапсырманы түсінбей,қиналған жерлерің болса көңіл-күйі түсіңкі смайликті таңдаңдар

 

-Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

-Біз әжемен бірге қайда бардық?

-Қандай өлең жаттадық?

Жәрайсыңдар балалар,өте тамаша,рахмет сендерге,осымен біздің бүгінгі саяхатымыз аяқталды.

 

Әже келді

Сәлеметсіз бе

Қимылмен айтып,көрсетеді

 

Иә,барамыз

 

Ата,әже,әке,ана,аға,әпке,іні

 

Отбасында біз бесеуміз

 

Атам

Әжем,әкем,анам,мен

 

 

Әр суреттер кімдер жоқ екенін атап береді

 

Иә,жаттаймыз.

 

 

 

Балалар бірге қайталап айтады

Ойынның ережесін сақтай отыра ойнайды.

 

Жаттығуды айтып,тілдерін демалдырады.

Орындарынан тұрып,шапалақ ұрады, барлық сөйлемге қажетті қимылды жасайды

Қалаған балалар шығады

 

Рахмет,сау болыңыз!

 

 

 

 

Балалар өздерін көңіл-күйді білдіретін смайликпен бағалайды

 

 

Әже келді

Әженің Отбасына бардық.

Әже жайлы өлең.

Күтілетін нәтиже:

Білу  керек:Отбасы мен туысқандар жайлы білу.

Түсіну керек:Жақындарына қамқор бола білуді,оларды жақсы көріп,құрметтеу керектігін түсіну.

Жасай білу керек:Дайындалған ойындар арқылы отбасы мүшелерінің аттарын дұрыс атап,естеріне сақтай білуге

Тәрбиеші: Камесхан Ж

 

Просмотров: 356


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст