«Ақмола обласы білім басқармасының  Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерйментау қаласының  «Жұлдызай» бөбекжайы» МКҚК

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Конкурс

10.04.2023

       «Ақмола обласы білім басқармасының  Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерйментау қаласының  «Жұлдызай» бөбекжайы» МКҚК

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес тәрбиешісі  бос лауазымының (1 ставкасы),конкурс өткізу туралы хабарландырады.

Білім беру ұймының мекенжайы: Ақмола облысы, Ерейментау қаласы, Ш.Валиханова 58, 020800.

Мектепке дейінгі тәрбиеші

Лауазымдық міндеттері:

      Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талабына, жас ерекшелік топтарының үлгілік оқыту жоспары бойынша оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады, пәндік-дамытушылық ортаны қалыптастырады, балалардың шығармашылығына (ойындық, танымдық, қозғалыс, көркемөнер, еңбекке баулу және т.б.) жетекшілік етеді. Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғау қызметін қамтамасыз етеді: тәрбиеші қызметінің денсаулық сақтау функциясын атқарады.

Балалармен жұмыс істеу кезінде жекелей және бағыттық жағынан қарайды. Дамуында ауытқу байқалатын балалармен түзеу қызметі саласында еңбек ететін мамандармен бірлесе жұмыс жасайды; жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу негізінде және топтағы балалардың жеке талаптарын ескере отырып тәрбие-білім беру жұмыстарын жоспарлайды. Тәрбиелеу мен оқыту қызметін қол жеткен жетістіктерді қорытындылай отырып жоспарлайды. Мүмкіндіктері шектеулі балалар мен қалыпты жағдайда дамып келе жатқан балалардың мектеп жасына жеткенде мүмкіндіктерінің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін бірге тәрбиелеу және оқыту арқылы оларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады. Мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі әрбір баламен жеке жұмыс жүргізеді.

Тәрбиелеудің инновациялық технологиясын және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын зерделеумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайды. Компьютерлік сауаттылықты және ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті жақсы меңгереді.

Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;

     мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

педагогикалық этиканың нормалары;

балалар репертуарындағы музыкалық шығармалар, музыкалық тәрбие әдістемесі;

    еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі немесе техникалық және кәсіптік педагогикалық немесе музыкалық білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;

және (немесе) біліктілігі жоғары немесе орта деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін – 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін – 5 жыл және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейдегі жұмыс өтілі педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Еңбек ақысының мөлшері: жоғары білімді, біліктілік санаты, еңбек өтілі жоғары маман 154672 - 216541; білімі арнайы орта, еңбек өтілі, біліктілік санаты жоқ маман 118924 - 130816

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

 1) "педагог":

  мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу;

  жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке көзқарасты жүзеге асыру;

 перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;

 тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;

 ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен байланысты жүзеге асыру;

әдістемелік жұмысқа қатысу;

 балалардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың дамуына диагностика жүргізу;

 білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

 кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру, сандық білім беру ресурстарын қолдану;

 2) "педагог-модератор":

 "педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

  балалардың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесін білу және жас ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;  перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;

инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану;

аудандық, әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау, білім беру ұйымы деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

3) "педагог-сарапшы":

 педагог-модераторға қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

 тәрбиеленушілердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген білім, білік және дағдыларды алуын қамтамасыз ету;

перспективалық жоспар мен циклограмманы әзірлеу;

 балаларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды диагностикалау тетігін білу;

балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;

 балалардың аудандық, қалалық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;

 әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

өзінің кәсіби біліктілігін арттыру;

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын пайдалану;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және кәсіби даму басымдықтарын айқындау: білім беру ұйымы деңгейінде, аудан/қала деңгейінде өзінің және әріптестерінің болуы, аудан/қала деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушыларының болуы;

4) "педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

 аудандық, қалалық әдістемелік бірлестіктердің, семинарлардың, конференциялардың қызметіне қатысу;

балалардың зерттеу дағдыларын дамыту;

балалардың қалалық, облыстық байқауларға қатысуын жүзеге асыру;

тәлімгерлікті қолдану;

көпшілік алдында сөз сөйлеу және аудиториямен өзара іс-қимыл жасау дағдыларын пайдалану; мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі заманғы әдістемелерін қолдану;

       аудан, қала деңгейінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері бойынша әдістемелік әзірлемелерінің болуы;

      сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын білу, тәрбиеленушілердің зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету, тәлімгерлікті жүзеге асыру және аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта даму стратегиясын айқындау, облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде тәжірибені жинақтау;

 облыс/республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

 5) "педагог-шебер":

 "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

 облыстық және республикалық немесе халықаралық деңгейдегі семинарларға, конкурстарға және конференцияларға қатысу;

 оқу бағдарламаларын, тәрбие және оқыту әдістемелерін әзірлеу дағдылары мен дағдыларын пайдалану;

 балалардың қалалық, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуын жүзеге асыру;

 РОӘК-те мақұлданған, жарияланған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) немесе авторлық бағдарламасы болуы тиіс;

 жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау, республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушыларын дайындау.

Қажетті құжаттар тізбесі (конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды)

       1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

4,5 тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Аталған құжаттардың біреунің болмауы құжаттарды Конкурсқа  қатысушыға  қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы кандидат өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, өзінің педагогикалық тәжірибесін, марапаттары, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты  комиссиясының қарауына ұсынады.

Конкурсқа қатысуға өтініш берген тұлғалар үшін, құжаттарды қабылдау ресми  интернет  ресурста   конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күні өткеннен кейін аяқталады.

Құжаттарды қабылдау Ақмола облысы, Ерейментау қаласы, Ш.Валиханова  көшесі  58  мекенжайы бойынша  сағат 9.00- 13.00, 14.00-18.00  арқылы жүзеге асырылады. Ақпаратты анықтау үшін байланыс телефондары: 8 -716-33-5-00-80. Электронды пошта: zhuldyzai_yaslisad@mail.ru

 

Просмотров: 3494


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст