«Ақмола обласы білім басқармасының  Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерйментау қаласының  «Жұлдызай» бөбекжайы» МКҚК

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Коммуникативтік және әлеуметтік-эмоционалдық дағдылар" : әдістемелік апталығы Бекенова Н.К: «Біз орманға барамыз, саңырауқұлақ табамыз»

13.04.2024

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Сөйлеуді  дамыту және көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Біз орманға барамыз, саңырауқұлақ табамыз»

Мақсаты: Балаларды коммуникативті қарым-қатынасқа тарту. пассивті және белсенді сөздік қорын кеңейту. Балалардың сөздік қорын мынандай сөздермен байыту: жаңбыр, саңырауқұлақтар; Саңырауқұлақтар жаңбырда өсетіні туралы түсінік беру; Көркем шығарманың мазмұнын түсінуге, сахналау барысында тапсырмаларды орындауға екі сөзден тұратын қарапайым сөйлем құруды үйрету.

 Зейінді есте сақтауды, көрнекі-бейнелі ойлауды, сөйлеу белсенділігін дамыту.

 Ұйымдастырылған іс-әркет  қызметінің тақырыбына қызығушылық тудыру, көркем шығарманың сюжетін көру барысында  жағымды эмоциялар сыйлау.

Керекті құралдар: Фланелеграф, әңгіменің кейіпкерлері, матадан жасалған көгал, шыршалар, саңырауқұлақ, себет, балаларға арналған сыйлық, жаңбырдың дыбысы, саңырауқұлақтың бөлшектері.

 

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:

Қоян: Топқа кіріп "Қайырлы күн, менің  достарым!  Мен кіммін? Мені таныдыңдар ма? (балалардың жауабы) Әрине мен қоянмын. Балалар менің сендерге қызықты бір саңырауқұлақ жайында әңгімем бар, ол әігіме «саңырауқұлақ астында деп аталады»

 Әңгіме; «Саңырауқұлақтың  астында» (фланенглафта) Қоян әңгімені эмоциямен дауыс ырғағын келтіріп айтып береді.

Сұрақ: Балалар сендерге әңгіме ұнады ма? Неліктен санырауқұлақтың астында  құмырсқаға орын тар еді, ал әңгіменің соңында бәріне орын табылды. Қалай ойлайсындар? Сендер түсіндіңдерме? Басында саңырауқұлақ кішкентай болатын, ал жаңбыр кап-кап-кап жауғанда саңырауқұлақ үлкен болып өсті.

Қоян: Ал балалар көңілімізді көтеріп алайық. Шеңберге тұрайық.

Физминутка: «Саңырауқұлақ өседі»(Саңырауқұлақ кішкентай болатын, содан кейін жаңбыр жауды, саңырауқұлақ өсті-өсті тұла бойына тік тұрды. Тағыда өсті-өсті қолдарын көтеріп, үлкен болып өсті)

Қоян; Балалар мен сендерді бүгін орманға саяхат жасауға  шақырамын  менімен барғыларың келеме?  Біз орманға барамыз саңырауқұлақты жинап аламыз.

Балалардың жауабы; иә барғым келеді.

Қоян: орманға немен барамыз? Паравозбен  барайық

Қоян; Балалармен  паравозды бейнелейді-қолдарын шынтақтан бүгіп «чух, чух, чух» деп дыбысбай отырып, бөлмеде жүреді, демдерін тартады және «у-у-у-у-у-у» дыбысымен дем шығарады, орманға барады.

Қоян: Міне орманға келдік, ауасы қандай таза(қәне терең дем алайық, демімізді шығарайық).

Балалар; Саңырауқұлақты жинайды.

Қоян; Ал балалар кім не не жинады көрсетіңдерші?(балалар көрсетеді)

Сенің саңырауқұлағың қандай? Қандай түсті? Үлкен ба? Кіші ме? Қалпақшасы сәнді ме?  (балалар сұраққа жауап береді) Саңырауқұлақты алып теңестіреміз, бір-бірімен салыстырамыз. Саңырауқұлақтарды себетке саламыз.

Қоян:  Балалар қайтадан «паравоз» болып тобымызға қайтаық.  Балалармен  паравозды бейнелейді-қолдарын шынтақтан бүгіп «чух, чух, чух» деп дыбысбай отырып, бөлмеде жүреді, демдерін тартады және «у-у-у-у-у-у» дыбысымен дем шығарады, топқа қайтады. Орманға саяхатымыз ұнады ма? Менің сендерге дайындаға ойыным бар.

Ойын: «Саңырауқұлақты құрастыр» алдымен саусақтарымызд жаттықтырып алайық.

 Саусақ жаттығуы: «Саңырауқұлақтар»

Саңырауқұлақтарды жұдырыққа жинайды (жұдырықты қысады):

Бір саңырауқұлақ, екі саңырау құлақ,

Үшіншісі- жапырақта жатыр құлап.

Төртіншісі –тұрмайды

Ең кішісі ұйықтамай,

Саңырауқұлақты қорғайды.

Қоян: Алдын ала жасалған үлгіні көрсетеді. Санырауқұлақтың құрылымын айтады(қалпағы, сабағы). (Балалардың жұмысына қолдау көрсетеді, қадағалайды.)

Қоян:Балалар  осымен біздің саяхатымыз аяқталды. Сендерге көп рақмет, мынау кәрзинеде сендерге сыйлығым бар алағойыңдар. Балалардың барлығын құшақтап қоштасып топтан шығып кетеді.

 

Просмотров: 522


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст