"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ЕРЕЙМЕНТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ "ЖҰЛДЫЗАЙ" БӨБЕКЖАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЁННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ "ЯСЛИ - САД "ЖҰЛДЫЗАЙ" ГОРОДА ЕРЕЙМЕНТАУ ПРИ ОТДЕЛЕ ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ"

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Конкурс

06.08.2024

       «Ақмола обласы білім басқармасының  Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерйментау қаласының  «Жұлдызай» бөбекжайы» МКҚК

        Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес   Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі (1 ставкасы), Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының педагог-психологі (психологі), Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының дене шынықтыру (жүзу) жөніндегі нұсқаушысы (1 ставкасы), қазақ тілі мұғалімі. (0,5 ставкасы), конкурс өткізу туралы хабарландырады.

Білім беру ұймының мекенжайы: Ақмола облысы, Ерейментау қаласы, Ш.Валиханова 58, 020800.

Қажетті құжаттар тізбесі (конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды)

 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

 2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

 3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

 4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

 6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

 7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

  8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

  9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

4,5 тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

Аталған құжаттардың біреунің болмауы құжаттарды Конкурсқа  қатысушыға  қайтару үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысушы кандидат өзінің кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, өзінің педагогикалық тәжірибесін, марапаттары, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты  комиссиясының қарауына ұсынады.

Конкурсқа қатысуға өтініш берген тұлғалар үшін, құжаттарды қабылдау ресми  интернет  ресурста   конкурс өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап 7 жұмыс күні өткеннен кейін аяқталады.

Құжаттарды қабылдау Ақмола облысы, Ерейментау қаласы, Ш.Валиханова  көшесі  58  мекенжайы бойынша  сағат 9.00- 13.00, 14.00-18.00  арқылы жүзеге асырылады. Ақпаратты анықтау үшін байланыс телефондары: 8 -716-33-2-11-55.  Электронды пошта: zhuldyzai_yaslisad@mail.ru

Просмотров: 2985


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст