«Ақмола обласы білім басқармасының  Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Ерйментау қаласының  «Жұлдызай» бөбекжайы» МКҚК

Әлеуметтік желі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Касымканова Ж.У Ашық сабақ Сөйлеуді дамыту Тақырыбы: «Көмекшілер» Н.Калинина әңгімені әңгімелеп айтып беру

30.12.2020

Оқу қызметін ұйымдастырудың  технологиялық картасы

Күні:

Топ: «Балдырған» әр түрлі жас тобы

Тәрбиеші: Касымканова Ж.У

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Өтпелі тақырып: Өзіңе және өзгелерге көмектес

Тақырыбы: «Көмекшілер»  Н.Калинина әңгімені әңгімелеп айтып беру

Мақсаты: Балаларға әңгімені тыңдап,айтып беруге үйрету.Сөздегі –ғыш жалғауын айтуға,жалғауларды дұрыс айтуға үйрету.Жаңа ыдыстар мен таңыстыру (нансалғыш,қантсалғыш,кәмпитсалғыш).

Сөздік қорын молайту.Зат,сын есімдерді пайдалануды жаттықтыру,дұрыс айтуды бекіту.Танымдық қызығушылықтарын тәрбиелеу.

Міндеттері: балаларды әңгімеге араласуға,сұрақтарға жауап беруге,сурет арқылы,әңгіме арқылы тілін дамыту

Білімділік: Балаларға ыдыстар,үлкендерге көмектесу  жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: әңгіме арқылы балалардың тілдік қорын жетілдіру,есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: ыдыстарды ұқыпты таза ұстауға тәрбиелеу,үлкендерге көмек беруге үйрету.

Көрнекіліктер: ойыншық-ыдыстар

Қажетті құрал-жабдықтар: дөңгелек үстел,дастарқан,ыдыстар,суреттер

Сөздік жұмысы: қантсалғыш,нансалғыш,кәмпитсалғыш

Әдіс-тәсілдір: ойға шабуыл жасау,түсініктерін молайту,сұрақ-жауап

 

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің  іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

Қонаққа әже келді.Балалармен амандасады.Қош келдіңдер  балалар.Кіріңдер.Маған қонаққа келіп қалыпсыңдар ғой.Мен үстел жасауға үлгермей қалдым.Маған көмектесесіңдерме?

Жарайсыңдар балалар,кішкентай көмекшілерім!

Әжемен амандасады.

 

Үстел жасасуға көмектеседі.

 

Әңгімені тындауға дайындалады

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Балалар сендерді көрдім қандай көмекші екендерінді.Ал мен сендерге енді өзімнің көмекшілерім туралы әңгіме айтып берейін тыңдайсындарма?Келіңдер отырындар. Н.Калининаның «Көмекшілер» әңгімесі.Мұқият тыңдандар.Саша мен Алеша үстел жасауға көмектеседі.Барлығы түскі ас ішуге отырады.Кеспені құйады,оны жеу үшін ештенке таппайды.Бәрекелді менің көмекшілерім!Үстелді жасапсыңдар,ал қасықты үстелге қоюға ұмытып кетіпсіңдер.

Сұрақтар  қойылады:

1.Әңгіме кімдер туралы?

2.Саша мен Алеша не істеді?

3.Ұлдар үстелге нені қоюға ұмытып кетті?

4.Бұл әңгіме қалай аяқталады

Балалар бір серігіп алайық ия.

Сергіту сәті:

Қолға кесе аламыз

Кесеге шәй құямыз

Шәй ыстық фу-фу деп үрлейміз

Шәйден барлығымыз ішейік         

Балалар Н.Калининаның «Көмекшілер» әңгімесін тағы бір рет айтып берейін,ал сендер маған айтып бересіңдер.(Сызба бойынша әңгімені айту).Балаларды әңгімені айтып беруді

ұсынамын.Рахмет балалар.

Мен сендерді шәй ішуге үстелге шақырамын.Балалар үстелде шәй ішетін ештенке жоқ екен.Мен сендерге жаңа ыдыстарды таныстырамын.Мынау нан-нанды нансалғышқа салымыз.Мынау қант-қантты қантсалғышқа саламыз.Мынау кәмпит-кәмпит салатын ыдысқа саламыз.(Әр балаға жеке-жеке айтқызу).

Д\ойын: «Не жоқ болды?».Ойын шарты: бір ыдысты жасырамын,балалар қай ыдыс жоқ екенін табуы керек.

Балалармен шәй құйып ,көрсетіп ойын ойнау.Тілге арналған жаттығу жасау.

Тілге арналған жаттығу.

Се-се-се

Шай қайнатып кесе,

Ық-ық-ық

Ас ішетін қасық,

             

Орындыққа отырады

 

 

Әңгімені мұқият тындайды.

 

 

 

 

 

 

Сұрақтарға жауап береді

Саша мен Алеша туралы

Олар кезекші болды,үстел жасасуға көмектесті

Қасықты

Қимыл-қозғалыспен сергіту сәтін орындайды.

 

Әңгімені айтып береді

 

 

 

Шәй ішуге үстелге отырады

 

Жаңа ыдыспен танысады.

 

 

Ойынды ойнайды қандай ыдыс жоқ екенін табады

 

 

Тілге арналған жаттығуды қайталап айтып жасайды.

 

 

 

Рефлекциялық –түзетушілік

Сұрақтар қою

1.Қандай әңгімені әңгімелеп бердік?

2.Қандай жаңа ыдыспен таңыстындар?

Балалар мен сендерге дәмді,тәтті бауырсағымнан дәм татсын деп алып келдім.Ауыз тиіңдер.Сау болыңдар!

 

Сұрақтарға жауап береді.

Қантсалғыш,

нансалғыш,

кәмпит

салғыш.

Рахмет айтады

Сау болыңыз)

 

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: ыдыстардың түрлерін біледі

Игереді: әңгімені айтып беруді игереді.

Меңгереді: жаңа таныстырлған ыдыстарды (қантсалғыш,нансалғыш,кәмпит салатын ыдыс) меңгереді.

 

 

 

Просмотров: 263


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст